«Маңғыстау облыстық күрес бойынша олимпиадалық резервтің
мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ
КГУ «Мангистауская областная специализированная детско-юношеская школа олимпийского резерва по борьбе»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ
Маңғыстау облысының қоржынына тағы 1 медаль
Бүгінгі күннің қорытындысы бойынша қыздар күресінен U23 жас арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жеңіс тұғырында 50 кг салмақ дәрежесінде Тәңірбергенова Марал Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Естеріңізге сала кетсек, биыл ақпан айының 03-08 аралығында Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ересектер арасында VI жазғы спартакиадасында Марал Тәңірбергенова 50 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанған болатын.
Ертең Ел чемпионатының боз кілемінде грек-рим күресінің балуандары Маңғыстау облысының намысын қорғайтын болады.
СӘТТІЛІК!
Жеңіс құтты болсын!
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ
Семей қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 және U23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Аталған жарыста U17 жас арасында 65 кг бойынша Абдуманап Даулет қола жүлдегер атанды. Ал U23 арасында 61 кг салмақ дәрежесінде Амирханов Эмиль 3-орынға қол жеткізді. Алдағы күндері боз кілемде қыздар мен грек-рим күресінің спортшылары бақтарын сынайтын болады. Жеңістеріңіз құтты болсын!
Подробнее...ЕРКІН КҮРЕСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Серік Әбдрахмановты еске алуға арналған 2006-2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирде жеңімпаз бен жүлдегер атанған спортшылар. Жаңақорған қаласы!
1 орын Абдуманап Даулет 65 кг
3 орын Оразбаев Тимур 65 кг
3 орын Қарабалаев Диас 71 кг
3 орын Оразбаев Амир 60 кг
Жаттықтырушылары: Худибаев Сүйеніш, Қарабалаев Нұрлан.
Маңғыстаулық спортшы әйелдер күресінен VI жазғы Спартакиаданың жүлдегері атанды.
Бозкілем шеберлерінің бәсекесінде маңғыстаулық Марал Тәңірбергенова VI жазғы Спартакиадасының қола жүлдегері атанды. Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы өтуде. Жарыстың, алғашқы күндері грек-рим спорт түрінен балуандар бақ сынады. Ал, 5 акпан күні әйелдер күресінен 110 қатысушының арасында VI жазғы Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.
Соның ішінде 50 келі салмақта өнер көрсеткен спортшылар арасында қола жүлдені маңғыстаулық Марал Тәңірбергенова мен павлодарлық Камила Апекова иеленсе, астаналык, Светлана Анкичева 2 орынға, Акмола облысының спортшысы Эллада Махяддинова жеңімпаз атанды. Марал Тәңірбергенованың бапкерлері Мухалев Александр, Хамелис Юлия, Дынбаева Меруерттің жетекшілігімен жаттығады.
Алдағы күндері еркін күрес шеберлері балуандар додасын аяқтайды. Төрт жылда өтетін, ел ішіндегі Олимпиада аталып кеткен жарыс әр спорт түрінен биылғы Қазақстан
чемпионатынын орнын басады.
Жарыстың ашылу рәсіміне қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев өз сөзінде бұл Спартакиаданың маңызы зор екендігін және жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұлттық құрамаға қосылып, биылғы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтынын атап өтті.
Жалпы күрестен 3 қала мен 17 облыстан 650-ге тарта спортшы жиналды. 3 ақпанда басталған күрес түрлерінен Спартакиада 8 ақпанда аяқталады.
мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ КГУ «Мангистауская областная специализированная
детско-юношеская школа олимпийского резерва по борьбе»





