Маңғыстау облысының қоржынына тағы 1 медаль
Бүгінгі күннің қорытындысы бойынша қыздар күресінен U23 жас арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жеңіс тұғырында 50 кг салмақ дәрежесінде Тәңірбергенова Марал Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Естеріңізге сала кетсек, биыл ақпан айының 03-08 аралығында Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ересектер арасында VI жазғы спартакиадасында Марал Тәңірбергенова 50 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанған болатын.
Ертең Ел чемпионатының боз кілемінде грек-рим күресінің балуандары Маңғыстау облысының намысын қорғайтын болады.
СӘТТІЛІК!
Жеңіс құтты болсын!



