Бозкілем шеберлерінің бәсекесінде маңғыстаулық Марал Тәңірбергенова VI жазғы Спартакиадасының қола жүлдегері атанды. Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы өтуде. Жарыстың, алғашқы күндері грек-рим спорт түрінен балуандар бақ сынады. Ал, 5 акпан күні әйелдер күресінен 110 қатысушының арасында VI жазғы Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.
Соның ішінде 50 келі салмақта өнер көрсеткен спортшылар арасында қола жүлдені маңғыстаулық Марал Тәңірбергенова мен павлодарлық Камила Апекова иеленсе, астаналык, Светлана Анкичева 2 орынға, Акмола облысының спортшысы Эллада Махяддинова жеңімпаз атанды. Марал Тәңірбергенованың бапкерлері Мухалев Александр, Хамелис Юлия, Дынбаева Меруерттің жетекшілігімен жаттығады.
Алдағы күндері еркін күрес шеберлері балуандар додасын аяқтайды. Төрт жылда өтетін, ел ішіндегі Олимпиада аталып кеткен жарыс әр спорт түрінен биылғы Қазақстан
чемпионатынын орнын басады.
Жарыстың ашылу рәсіміне қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев өз сөзінде бұл Спартакиаданың маңызы зор екендігін және жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұлттық құрамаға қосылып, биылғы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтынын атап өтті.
Жалпы күрестен 3 қала мен 17 облыстан 650-ге тарта спортшы жиналды. 3 ақпанда басталған күрес түрлерінен Спартакиада 8 ақпанда аяқталады.


